Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 231 929 мақала бар.
Қара құрдым
Қара құрдым (ағылш. Black hole) — жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын еш жібермей өзіне тартып ала алатын массасы өте ауыр жұлдыз дене (үңгір емес).
Массасы белгілі шамадан жоғары тұрақты жұлдыз өзінің термоядролық реакциясына қажетті отыны таусылған соң тартылыс күшінің әсерінде ішіне қарай шұғыл жемірілуден деформацияланып қара құрдым пайда болады. Қара құрдымның массасы өте жоғары, тартылыс күші өрісі тым жойқын болғандықтан, ешқандай материя, магнитті толқын, жарық жылдамдығында қозғалады делінетін жарық радиациясы одан қашып құтыла алмайды (оның бетіне түскен жарық ешқашан кері шағылыспайды), сыртқа еш жарық шығармайды.
Үйде жалғыз қалғанда
Үйде жалғыз қалғанда (ағылш. Home Alone) — 1990 жылы Джон Хьюз жазған сценарий бойынша түсірілген америкалық жаңа жылдық комедия. Туынды режиссері – Крис Коламбус. Басты рөлді Маколей Калкин сомдаған.
Сыншылар фильм жайлы аралас пікір білдірген. Фильм Солтүстік Америкада шығарылған жаңа жылдық комедиялар арасында ең мол касса жинаған. Сонымен қатар фильм АҚШ кинематографы тарихындағы ең мол касса жинғана комедия ретінде рекорд орнатқан. Бұл рекорд 2011 жылы «Бас жазу: II бөлім» кинофильмі шыққанға дейін ұсталып тұрған. Картина төрт сиквелден тұратын франшизаның негізі болды, олардың екеуі ғана бір-бірімен байланысы бар фильмдер. Алғашқы актерлық құрам тек «Үйде жалғыз қалғанда: Нью-Йоркте адасу» фильмінде сақталған. Ал қалған екі сиквел толықтай дербес фильм.
Аптаның бірлескен жұмысы
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||||
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||||
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||||
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||||
Уикисабақ Білім қоры
|
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||||
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Білгенге маржан
- Бикол халқында (суретте) мұрагерлік ерлер арасында да, әйелдер арасында да жүзеге асырылған.
- Соңғы 4000 жылда бірде-бір жануар қолға үйретілмеген.
- Балдың бір келісін жасау үшін, аралар 2 миллион гүлді аралап шығуы тиіс.
- 1983 жылы бала туылмаған жалғыз ел - Ватикан.
- Ең көп жауын жауатын жер – Гавайи аралындағы тау. Бұл жерде жылына 350 күн жаңбыр жауады.
- Польша королі Августтың 350 баласы болған.
- Бельгиялық "Экерен" клубының ойыншысы Стан ван ден Бюйс 1996 жылы "Андерлехтпен" болған ойында өз қақпасына үш рет гол соғып алған.
Жаңалықтар
- Өзекті оқиғалар
- 9 шілде — теннисші Елена Рыбакина ең беделді Уимблдон жарысында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық атанды.
- 5 маусым — Қазақстанда республикалық референдум өткізілді.
- 30 мамыр — Алматыда "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро бекеттері іске қосылды (суретте).
- Әлемде тек Африка елдерінде ғана анықталып келген маймыл шешек ауруы маймыл шешек инфекциясы тіркелмеген елдерде өршігеніне мамандар алаңдай бастады.
- 24 ақпан — Ресей әскері Украина жеріне басып кірді.
- 2 қаңтар — Жаңаөзенде сұйылтылған газдың қымбаттауына байланысты наразылық шаралары басталып аяғы Қаңтар оқиғасына ұласумен аяқталды.
6 тамыз
Мейрамдар
Оқиғалар
- 1783 — Грузия Ресей өкіметінің қол астына кірді.
- 1896 — Мадагаскар Францияның отары болып жарияланды
- 1940 — Эстония КСРО құрамына қабылданды.
- 1945 — Американдық атом бомбасы Жапонияның Хиросима қаласына тасталды
- 1962 — Ямайка Ұлыбританиядан 300 жылдық отарлықтан кейін тәуелсіздік алды
- 1970 — Франция Муруроа аралында ядролық сынаулар өткізді
- 2008 — Мавританиядағы әскери төңкеріс
Дүниеге келгендер
- 1766 — Уильям Хайд Волластон (1828), ағылшын ғалымы, дәрігер, физик және химик
- 1809 — Альфред Теннисон (1892), Англия ақыны
- 1856 — Аполлинарий Васнецов (1933), орыс суретшісі, өнер,тарих, археология теориялары бойынша еңбектердің авторы.
- 1868 — Поль Клодель (1955), француз жазушысы, дипломат
- 1881 — Александр Флеминг (1955), шотланд бактериологы, пенициллин антибиотигін бірінші тапқан, 1945 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.
- 1948 — Бауыржан Рамазанұлы Нөгербек, кинотанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қайтыс болғандар
- 1753 — Георг Вильгельм Рихман (1711), орыс физигі, вольтметрдің құрастырушысы.
- 1884 — Антонио Гутьеррес (Antonio García Gutiérrez) (1812), испандық жазушы
- 1942 — Януш Корчак, поляк жазушысы, ұстаз, дәрігер және қоғам қайраткері.